Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы көшелерінде жарысқан автобус жүргізушілері жұмыстан босатылды

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2014
  • 1283

Алматыда көшенің қарсы бағытына шығып алып жарысқан автобус жүргізушілері жұмыстан босатылды. Сондай-ақ олар жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мына бейнетаспада қос жүргізушінің де жол ережесін өрескел бұзғаны айқын көрініп тұр. Қалалық №2 автобус паркіне тиесілі 67-ші және 31-ші бағыттардағы қоғамдық көлік жүргізушілері бағдаршамның қызыл түсіне қарамай, қарсы бетке шығып кеткен.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

Қазіргі айтатынымыз, заңнамаға сәйкес жолдың қарсы бетіне шығу бойынша жазаның көлемі ұлғайды, яғни 1 жылға дейін жол жүру құқынан айыру болып отыр. Қазіргі таңда осы әкімшілік материалдар сотқа жіберілді. Алдағы уақыт ішінде оларға тиісті шешім қабылданады.

Жол үстінде жарыс ұйымдастырған 31-бағыттағы автобустың 26 жастағы жүргізушісіне қарсы жолаққа шығу, бағдаршамның қызыл түсіне өту деректері бойынша хаттама толтырылды. 67-бағыттағы автобусты тізгіндеген 24 жастағы жігіт аталған фактілерге қоса сақтандыру полисі болмағандықтан, Әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қала бойынша соңғы екі тәулік ішінде 330 қоғамдық көлік жүргізушісі заңды белден басқаны үшін жауапқа тартылды. Десек те, діттеген жеріне жанын шүберекке түйіп баратын қала тұрғындарының мұндай құбылысқа еті үйренген сияқты.

- Бір бірімен жарысып, адамдар айқайласа, олар тыңдамайды. Тіпті аялдамаға тоқтамайтын кездері болады.

- Қатты жүреді, сол кезде қорқасың, тіпті құлап кетуің мүмкін.

- Автобустар тез жүреді. 65,7, 99, 48 сияқты автобустар