Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы 55\17 әскери бөлімінің жауынгерлері мерекеге театрландырылған қойылым әзірледі

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2014
  • 2143

Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Оралдағы 55\17 әскери бөлімінің жауынгерлері Отан қорғаушылары күні мен Жеңіс мерекесіне арнап салтанатты шара ұйымдастырды. Концерттік бағдарламадан кейін қонақтар жауынгер ботқасынан дәм татты. Өнерлі сарбаздар қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға арнап, театрландырылған қойылым әзірлеген.

Соғыс даласына айналған сахнада қиян-кескі майдан мен бейбіт өмірдің көріністері үйлесім тапқан. Бейбіт күнде би билеп, думандатқан сарбаздар ел басына күн туғанда соғысқа аттанады. Батырлықтың ерен үлгісін көрсетіп, жауға қарсы тұрады. От пен оқ кешкен жауынгерлердің арасында батыр пулеметші Мәншүк Мәметова да ерекше ерлігімен көзге түседі. Айта кетейік, қойылымды 55\17 әскери бөлімінің сарбаздары өз күшімен дайындаған. 

Айгүл Өтеғалиева, Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің клуб меңгерушісі:

Бұл жеңіске жету үшін ата-бабаларымыз өз өмірін қиды. Сол батырлардың арқасында жарқын болашаққа жол ашылды. Бүгінгі қойылымды осы азаматтардың рухына тағзым ретінде арнап отырмыз.

Еркін ҚАРИН