Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада қазақ-түрік лицейлерінің шәкірттері қатысқан «Бірегей жоба» сайысы мәресіне жетті

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2014
  • 1535

«Экспо - 2017» көрмесіне жастардың да жобалары тартылады. Астанада қазақ-түрік лицейлерінде оқитын шәкірттер арасындағы «Бірегей жоба» сайысы мәресіне жетті. Білім додасының мақсаты - жастардың әлеуметтік маңызы зор жоба дайындауда, заманауи технологиялар мен инновацияларда қабілеттілігін шыңдау болып табылады.

Сайыс 4 бағыт бойынша өтті. Олар - балама энергетика көздері, жаратылыстану, әлеуметтік-қоғамдық мәселелер және гуманитарлық бағыт. Жарысқа үш мыңнан астам оқушы мыңға жуық жоба ұсынған. Үздік жұмыстар демеушілер мен жоғарғы оқу орындары тарапынан қолдау тауып, жастардың идеялары жүзеге асырылмақ. "Тіпті кейбір инновациялық жобалар ЭКСПО көрмесінде де қолданылады", - дейді "КАТЕV" халықаралық қорының өкілі.

Нұрбол Төлебаев, "КАТЕV" халықаралық қоры тәрбие бөлімінің меңгерушісі:

Жоба негізінде осы қызығушылық танытып отырған университеттер, грант бергісі келіп отырған оқу орындары бар. Атап айтқанда, Сулейман Демирэл университеті, халықаралық Қожа Ахмет Яссауи атындағы университеттер бар. Біз басқа да университеттерге хат жазу арқылы олардың да осындай жобаға грант беру мүмкіншіліктерін қолданғымыз келіп отыр осы жобаға.

Жұрағат БАМАН