Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде Қабанбай батыр ескерткіші ашылды

  • AstanaTV
  • 07 мамыр 2014
  • 5605

Өскеменде атақты қолбасшы, дарабоз батыр Қаракерей Қабанбайдың ескерткіші ашылды. Тас мүсін Мәдениет министрлігі мен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен қойылды. Оны жасап шығуға жалпы 105 млн теңгедей қаржы жұмсалған. Батыр бабамыздың ерлігін ұлықтаған ұрпақтары ескерткішті ашу кезінде театрландырылған көрініс ұйымдастырды. Ат шаптырып, ас берді.

Қаракерей Қабанбай батыр қазақ жерін жоңғарлардан азат ету шайқастарында ерен еңбек сіңірген ұлтының дарабоз ұлы. Азан шақырып қойған аты - Ерасыл. Жергілікті халық Өскеменде осындай еңселі ескерткіштің ашылғанына дән риза.

Нұрлан Әскетаев, Өскемен қаласының тұрғыны:

Бүгінгі ашылып жатқан ескерткішке өте қуаныштымыз. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген бабаларымыз ортамызға тарих болып, қайта келіп жатқанына қуаныштымыз. Балаларымыз олардың ерлігін білу үшін осылай түрлі шаралар өткізуіміз керек. Абылай
ханның бас қолбасшысы болған. Тарбағатай жерінің тумасы.

Қанат ОРАЛБЕК