Русский Сайттың толық нұсқасы

G7 елдері газ инфрақұрылымын ұлғайтуды көздейді

  • AstanaTV
  • 07 мамыр 2014
  • 1267

«Үлкен сегіздік» елдері өздеріндегі газ инфрақұрылымдарын кеңейтуге уағдаласты. Мұндай келісім Римде өткен G7 кездесуінде жасалды. Осылайша елдер Ресейге деген тәуелділіктен құтылмақ, деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі.

G7-ге мүше елдер Мәскеудің мұнай және газ қорын саяси қару ретінде қолдануына мүмкіндік бермеуге тырысып бағуда. Дегенмен, Германия канцлерінің орынбасары Зигмар Габриэльдің айтуынша, бұл келісімнің қалай жүзеге асырылатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Өйткені, Еуропаның бірқатар елдері Ресейдің газына 100% тәуелді.

Эд Дейви, Ұлыбритания
энергетика министрі:

Біз Ресейдің энергетикасын қару ретінде қолданғанына бұған дейін де куә болдық. Бұрын бұған жол беріп қойып, кейін қайта әріптестік орнатып жүрдік. Бірақ енді мұндайға жол бермейміз деп отырмыз. Еуропаны Ресей газына деген тәуелділіктен құтқару мақсатында бірқатар шаралар қабылдадық.

Айгүл ӘДЕПБАЙ