Соғыс ардагерлеріне жаңа пәтер кілттері табысталды. Ақтөбеде баспана кезегінде
тұрған 3 ақсақал мен жұбайын соғыс жалмаған 3 жесір ана осындай қуанышқа
кенелді. Қан майданнан жаралы күйде оралып, бейбіт күнде көз жұмған 2
жауынгердің отбасы да жаңа пәтерлердің иесі атанды. Азапты күндерді бастан
кешірген батырларға жаңа "Нұр-Ақтөбе" ауданынан пәтер бұйырды.
Қазіргі таңда
Ақтөбе қаласында 162 майдангер бар. Бүгінгі қуаныш иелері - кезекте тұрған соңғы
ардагерлер. Сертификаты бүгін табысталғанымен, олар қоныс тойын алдағы жазда
өткізуге мәжбүр. Баспаналар тұрғындарды сол кезде қабылдауға дайын болады. Ал
мерекелік дастарханға жиналған қариялар үшін бұл күтпеген сый болды.
Абдулла Нұсқабай, ҰОС ардагері:
Осында 2003 жылы ма пәтер берген. Ол жарамсыз болды - 5-қабат. Содан
кейін арызданып едім. Білмеймін қандай шешім қабылдайтынын.
Мансұр ЕСҚОЖИН