Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Астанада Елбасымен кездесті

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2014
  • 985

Президент Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бёрнспен кездесті. Кездесу барысында екі жақты сауда-экономика және инвестиция саласындағы байланыстардың негізгі бағыттары қарастырылды.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Тараптар Украина мен Ауғаныстандағы жағдайға қоса, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қазақстанның АҚШ пен қарым-қатынасты белсене дамытуға әзір екенін айтты. Ал Америка құрама штаттары Қазақстанның Украинадағы жағдайға байланысты ұстанымы үшін алғыс білдіреді.

Уильям Бёрнс, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары:

АҚШ тарапы Орта Азия елдерімен қарым-қатынасын ұзақ жылдарға нығайта түспек. Олардың тәуелсіздігін қолдап, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өз қолдауымызды көрсететіндігімізді атап өткім келеді. Сол елдер қатарында Қазақстан да бар.

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бёрнс Астанада журналистермен де кездесті. Ол өз сөзінде Украинадағы дағдарыс пен Ауғаныстандағы өтпелі кезеңде АҚШ пен Қазақстан арасындағы келісім мен серіктестікті нығайта түсу керектігін атап өтті.




Жұрағат БАМАН