Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда «Соғыспасақ та, бәрі есімізде» шарасы ұйымдастырылды

  • AstanaTV
  • 09 мамыр 2014
  • 1204

Павлодарлық жастар бір апта бойына Ұлы Отан соғысы жайлы кинофильмдерді көру мүмкіндігіне ие болды. Игі шараны Славян ұлттық орталығы ұйымдастырды.

Акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы мен жастар да белсенді атсалысты. Ресейлік режиссер Андрей Малюковтің Ұлы отан соғысын арқау еткен туындысы ұрпақтар сабақтастығын көрсетуді де ұмыт қалдырмаған. Ұйымдастырушылар, акцияның мақсаты да осыған саяды, - деп отыр. Сондай-ақ, кейінгі буынға сұрапыл соғыстың құнын түсіндіріп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Кеш барысында көрермендер қан майданның куәгерлерімен де жүздесті. Соғыс ардагерлері Михаил Черный мен Дмитрий Фалеев естеліктерімен бөлісті. «Соғыс басталғанда біз де сендер сияқты бозбала едік. Бірақ, майданға бару-бармау таңдауы келгенде, еш ойланбадық. Осылайша біз өз Отанымыздың қорғаны болуға тырыстық», - дейді қариялар.

Михаил Чёрный
, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Дай бог чтобы вы, ваши дети и внуки не знали, что такое война, ужасы и невзгоды
, которые перенесли мы, участники войны. Это была самая жестокая и кровопролитная война.

Наталья Нефёдова, Павлодар облыстық Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы:

Біздің басты мақсатымыз - жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Сол арқылы соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету. Әрбір жас қазақстандық ел үшін өзінің маңыздылығын сезінсе дейміз. Яғни, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосу - олардың негізгі парызы
.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ