Мемлекет
басшысы мораторий жариялаған Жер қатынастары туралы заңы мемлекеттік
комиссиямен қатар азаматтық қоғамның араласуымен қоғамдық кеңесте жан-жақты
қаралуы тиіс.
Бұндай
пікірді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәжіліс депутаты Нұрлан
Әбдіров білдірді. Қоғамдық кеңестер туралы заң авторы, бұл институттың о
бастағы міндеті - халықтың пікірін билік құлағына жеткізу еді, - дейді.
Депутаттар сонымен қатар белсенді жастарды виртуалды әлемнің көлеңкесінен
шығып, қоғам өміріне араласуға шақырды.
Нұрлан
Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Әлеуметтік
желілерде отыратын жастар көп. Егер де олар шынымен белсенді, ұлтжанды болса,
неліктен өзекті мәселелерді қоғамдық кеңестер алаңында ашық талқылауға
қатыспасқа. Ашық мемлекетті біріге, көлеңкені тасаламай құруға шықырамыз.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ