Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО-да демалыс күндері жылдамдығы секундына 22 метрге жететін жел соқты

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2014
  • 1126

ОҚО-да қатты жел салдарынан адам құлашы жетпейтін талдар құлап, ғимараттардың шатырлары ұшып жатыр. Демалыс күндері аймақта жылдамдығы секундына 22 метрге жететін жел соқты.

Салдарынан Шымкенттің кей жерлерінде жарық сөніп, қаланың қақ ортасында жүріп бара жатқан көлікті тал басып қалды. Соққының қатты болғаны сонша, жүргізуші әйел есінен танып, жедел жәрдем қызметін шақыртуға тура келген. 

Ал дүлей дауыл Төле би ауданына қарасты Көксәйек кентінде мәдениет үйінің шатырын ұшырып кетті. Тағы бір мектепке зақым келген. Аймақта бүгін желдің жылдамдығы күшейіп, секундына 25 метрге жетеді деп болжануда. 

Илхам ИБРАХИМ