Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ- тың Вашингтон штатында болған лай көшкіні Сиэтлда су тасқынына әкеліп соқтырды

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2014
  • 717

АҚШ- тың Вашингтон штатында болған лай көшкіні Сиэтлда су тасқынына әкеліп соқтырды. Салдарынан Седар өзені арнасынан асып, бірнеше шаруашылық пен елді мекендерді су басып қалды. Зардап шеккендер жоқ. Материладық шығын есептеліп жатыр.

Лай көшкіні жүріп өткен аудандар қоршауға алынған. Жергілікті билік жағдай ушығып кетпес үшін бақылауды күшейткен.

Еске салсақ, 22 наурызда Сиэтлда күшті сел жүріп 30 үйді басып қалған. Мамандар кей жерлерде лайдың қалыңдығы 10 метрге жеткенін анықтады. Салдарынан 36 адам ажал құшты. Хабарсыз жоғалып кеткендер санатында әлі де 10 адам бар.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ