Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғанстаннан британдық әскерилердің соңғы легі шығарылуда

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2014
  • 1256

Ауғанстаннан британдық әскерилердің соңғы легі шығарылуда. Олар Гильменд провинциясын босатып жатыр. Британия Кэмп Бастион лагерін ғана сақтап қалды. Оны жыл соңында босатуды көздейді.

Тәліптермен соғысқа қарсы Ауған аумағында барлығы 137 британдық база ашылған. Соның ішінде қаза болған 453 британдық осы Гильмендте жер жастанды. Мұнда шайқас сегіз жылға созылды.

2014 жылы АҚШ және НАТО әскерлерінің Ауғанстандағы әскери операциясы аяқталады. Бұдан былай тек мыңдаған амрикалық әскерилер қалып, ауғандықтарды елдегі қауіпсіздік пен күрес жүргізуге үйретеді.

Айта кетейік, қауіпсіздік туралы АҚШ пен Ауғанстан арасында келіссөз әлі жасалған жоқ. Вашингтон оны Хамид Карзайдың орнына келетін жаңа президентпен жасасуға үмітті. Елден әскерді шығаруға шамамен үш миллион доллар жұмсалмақ.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ