Русский Сайттың толық нұсқасы

Литвада өткен президент сайлауының бірінші кезеңінен кейін Даля Грибаускайте көш бастап тұр

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2014
  • 955

Литвада өткен президент сайлауының бірінші кезеңінен кейін Даля Грибаускайте көш бастап тұр. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алғашқы мәліметтерге қарағанда, Балтық елін басқарып отырған  Грибаускайте  46,58 % дауыс жинаған. Екінші орында 13,89% дауыспен  социал-демократтар партиясының өкілі Зигмантас Бальчитис. Ал үшінші  болып Еңбек партиясының мүшесі Артурас Палаускас келеді.

Дауыс беру науқаны  жергілікті уақыт бойынша  20:00-де аяқталды.  Енді Грибаускайте мен  Бальчитис президент сайлауының екінші сатысында кездеспек. Бастапқыда президент орынтағынан 7 адам үміткер еді. 

2009 жылы Литва президенті болып сайланған Даля Грибаускайте елді экономикалық дағдарыстан шығару үшін қаржылық тәжірибесін пайдалануға сөз берген.  

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА