Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік дауылдан келген зардап көлемін санап жатыр

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2014
  • 941

Шымкентте өткен тәулікте дүлей дауыл келтірген табиғи апаттың салдары мен шығындары есептеліп жатыр. Соңғы ақпарат бойынша қатты желден жеті адамның жарақат алғаны белгілі болды.

Епкіні қатты жел жүріп бара жатқан автокөліктерді басып қалған бірнеше жағдай тіркелді. Салдарынан көлік ішінде отырған адамдар түрлі дәрежеде жарақат алды. Бұдан бөлек желге шыдас бермей ұшқан шатырлардан зардап шеккендер бар. Сайрам ауданына қарасты төрт елді-мекеннің бес тұрғыны баспана жабыны ұшып кетуі салдарынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Еске салайық, бірнеше күннен соққан желдің екпіні 12-мамыр күні тіпті үдеп, секундына 25 метр жылдамдықпен ұйытқып соқты. Көпқабатты үйлерден бөлек, әкімшілік ғимараттар, оқу орындары мен өндіріс нысандарына да зақым келді.

Еркін Сарыбаев
, Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:

Атап айтайық, бүгін Шымкентте төтенше жағдай жарияланған. Қаладағы мектептер мен балабақшалардың жұмысы сақтық үшін уақытша тоқтатылды. Бұдан бөлек
, орта арнаулы оқу орындарының білім беруі де шектелген. «Қазгидромет» орталығы берген ақпар бойынша өңірде солтүстік-шығыстан секундына 28-30 метр жылдамдықпен жел соғып тұр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ