Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 19-20 мамыр күндері аспан асты
еліне мемлекеттік сапармен барады. Бұл жайында
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев
бірқатар қытайлық компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізеді», - делінген
хабарламада.
Ал 21 мамыр күні Мемлекет басшысы
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 4-ші Саммитіне
қатысады деп жоспарланып отыр. Онда тұрақтылықты және аймақтық қауіпсіздікті
нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылады.