Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстан үкіметі Кедендік одаққа кіру үшін әзірленген «Жол картасын» мақұлдады

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2014
  • 1090

Қырғызстан үкіметі Кедендік одаққа кіру үшін әзірленген «Жол картасын» мақұлдады. Бұл жайында Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев Бішкекте өткен баспасөз отырысы барысында мәлімдеді.

Айтуынша, Еуразия экономикалық комиссиясының Қырғызстанға жіберген «Жол картасы» жобасын Министрлер кабинеті бірауыздан мақұлдады. Енді жоба Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес барысында Кедендік одаққа мүше мемлекеттер басшыларының деңгейінде қаралады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА