Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбританияда ауыз суда кокаин іздері табылды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2014
  • 835

Ұлыбританияда күнбегілік тұрмыста қолданылатын ауыз судан кокаин түйіршіктері табылды. Сумен жабдықтаушы компаниялар су құбырларын қанша тазалағанымен, бензоилэкгонин құбырлада әлі сақталып отыр. Ол адам ағзасында есірткі қолданғаннан кейін пайда болатын препарат.

Есірткімен күрес зерттеу орталығының сарапшысы Стив Роллстың айтуынша, Британия есірткі тұтыну көрсеткіші бойынша Батыс Еуропа елдері ішінде көш бастап тұр. Өйткені оның құны су тегін. Кокаинның 1 граммын 70 долларға сатып алуға болады. Ал Америкада дәл осындай мөлшердегі есірткі 115 доллар тұрады. Сондықтан, оған тұрмысы төмен британдықтың өзі қол жеткізе алады.

Мамандардың есебі бойынша, елде 16 мен 59 жас аралығындағы 700 мың адам есірткі тұтынады. Ал тағы 180 мың адам крэк-кокаинге тәуелді.

Айта кетерлігі, кокаин іздері Британияда бұған дейін де табылған. Мәселен, жергілікті ақпарат көздері есірткі ұнтақтары қолданыстағы ақшаға да жағылған деп жазған болатын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ