Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде дуалды оқу үрдісі насихатталды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2014
  • 955

Өскеменде дуалды оқыту жүйесі арқылы білім алып жатқан жастар келешекте жұмыссыз қалмауы тиіс. Аймақта жобаның ұтымды тұстары мен кемшіліктерін сарапқа салған форум өтті. Жаңа жүйенің студенттер қауымына берері бар ма? Тақырыпты әріптесім Қанат Оралбек тарқатады.

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда тұңғыш болып дуалды оқыту жүйесі Шығыс Қазақстаннан бастау алған болатын. Мамандардың пайымынша, пилоттық жоба өзінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр. Оқуының 65%-зын кәсіпорындарда, тәжірибе түрінде өткізген студенттердің алды бүгінде білікті маман атанып, жұмысқа орналасқан. Солардың бірі - Павел Антонов.

Павел Антонов, көлік құрастыру маманы:

Біздің оқуды қарасаңыздар жаңа технологиялармен жұмыс істеу мүмкіндігіміз жоқ. Құрылғының бәрі ескі. Кәсіпорынға барып тәжірибемізді толықтыра аламыз.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Маған оқу орындарының тікелей кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс жасағаны ұнады. Бүгін біз осы тәжірибені өзге өңірлерге ұсыну үшін жиылып отырмыз.

Дуалды оқыту бұл - білім мен тәжірибені бір мезгілде ұштастыруды көздейтін жүйе. Бүгінде өңірдің әр жоғарғы оқу орны кәсіпорындардың тапсырысы бойынша мамандар дайындай бастаған. Сондықтан, болар табақтай дипломға ие болса да жұмысқа орналаса алмай жүрген мамандар аз. Кәсіпорындар болса техникалық бағыттағы мамандардың көбейіп келе жатқанына қуанышты.

Геннадий
Будкевич, Қостанай қалалық техникалық колледжінің директоры:

Ең бастысы
- бізге білім беру мекемелеріне кәсіпорын тарапынан көмек көрсетуге рұқсат беретін Заң тетігін табу қажет. Кәсіпорын өзне қандай маманның қажет екенін алдын-ала жарияласа келесі жылы оқу орыны оған дайын маманды табыс етеді.

Дуалды оқыту жүйесі бастау алған 2011-жылы жоғарғы оқу орнының 35% түлектері жұмысқа орналасса, ал былтыр бұл көрсеткіш 50%-дан асқан.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Біз бұл жобаны шығыста бұдан әрі дамытамыз. Өзге өңірлерге тәжірибе алмасу арқылы енгіземіз. Білім беру туралы Заңға дуалды оқыту бойынша өзгеріс енгізіп, алдағы бес жылдықта білікті маман даярлауға күш саламыз.

Алдағы оқу жылының басынан-ақ кәсіпорындар мен ЖОО өзара байланысты күшейте түспек.

Қанат ОРАЛБЕК