Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда аулада оққа ұшқан балаға операция жасалды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2014
  • 901

Ақтауда 8 жасар бала оқтан жараланды. Төтенше жағдай баланың өз үйінің ауласында ойнап жүрген кезінде орын алған. Пневматикалық қарудан атылған оқ ойын баласының өкпесіне өткен.

Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген балаға шұғыл түрде ота жасалып, өкпесіндегі оқ алынып тасталды. Қазір баланың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ, сондықтан хирургия бөліміне ауыстырылды.

Бауыржан Бусақанов, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі:

Оқ жарақатымен түсті 22 шағын ауданнан, жарақат болғанда, ол өкпесін жарақат еткен. Бірер сағат дайындықтан кейін баланы отаға алдық. Оқты алдық, оқ болғанда, пневматикалық винтовканың оғы.

Бүгінде полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде. Оқ атқан адам әлі табылмады. Дегенмен, аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әлия Шермағамбетова, Маңғыстау облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы:

Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Әзірге оқиға болған жерді қарау барысында ешқандай зат тәркіленген жоқ.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА