Бүгін «Союз ТМА-11М» ғарыштық кемесінің қону
аппаратымен ресейлік ғарышкер Михаил Тюрин, америкалық астронавт
Рико Мастраккио және жапондық астронавт Коити Ваката Жезқазған қаласынан 150 шақырым жерге қонды.
Халықаралық экипаж Байқоңырдан өткен
жылдың 7-қарашасында аттанған-ды. Ғарыш
кемесінің экипажы халықаралық станцияға олимпиада алауын жеткізген болатын.
Жарты жылдық экспедиция барысында экипаж мүшелері «Прогресс
М-22М» және «Прогресс М-23М» кемелерін
қабылдады. Бұл экспедицияның ерекшелігі сол, халықаралық ғарыш станциясын алғаш
рет жапондық астронавт басқарды.