Русский Сайттың толық нұсқасы

«Союз» ғарыш кемесінің капсуласымен Жерге 3 ғарышкер оралды

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2014
  • 1365

Бүгін «Союз ТМА-11М» ғарыштық кемесінің қону аппаратымен ресейлік ғарышкер Михаил Тюрин, америкалық астронавт Рико Мастраккио және жапондық астронавт Коити Ваката Жезқазған қаласынан 150 шақырым жерге қонды.

Халықаралық экипаж Байқоңырдан өткен жылдың 7-қарашасында аттанған-ды. Ғарыш кемесінің экипажы халықаралық станцияға олимпиада алауын жеткізген болатын. Жарты жылдық экспедиция барысында экипаж мүшелері «Прогресс М-22М» және «Прогресс М-23М» кемелерін қабылдады. Бұл экспедицияның ерекшелігі сол, халықаралық ғарыш станциясын алғаш рет жапондық астронавт басқарды.