Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары энергия жабдықтаушы делдалдарға қарсы

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2014
  • 1386

Электр энегриясын тасымалдаушы делдал компанияларды нарықтан тықсыру керек. Бүгін Мәжіліс депутаттары электр энергетикасы объектілерінің жұмысын бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырған Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовке осындай ұсыныс айтты. Заң жобасында шағын және орта бизнеске қуат көзіне қосылуда бірқатар жеңілдік жасалған. Алайда халық қалаулылары оларды талқыға салмай, электр жарығын тасымалдаушы, жабдықтаушы компаниялардың жұмысына көп шүйлікті. "Энергия тасымалын мемлекет тиісті деңгейде бақылап отырған жоқ", - деп те сынға алды депутаттар. 

Жалпы отырстың күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралғанымен, депутаттар электр энергетикасына қатысты ғана пікірталас жүргізді. Өйткені бұл жерде басы ашық сұрақ көп. Мәселен, электр қуатын өндіруші компаниядан шыққан қуат көзінің құны тұтынушыға жеткенше бірнеше мәрте өседі. Делдалдар тырысып жүр ортада. Халық қалаулылары осы делдалдардан құтылсақ қана, тариф мәселесін реттеуге болады дегенді баса айтты.

Алайда майлы жілікке жармасқан ондай делдалдардың электр энергетикасы нарығынан оңайлықпен кете қоймасы анық. Бұл әбден жауыр мәселе екені де белгілі. Электр энергетикасы обектілерінің жұмысын бақылауды реттейтін заң жобасында да делдардар санын қысқарту мәселесі қаралмаған. Десе де депутатар заң жобасын әлі жетілдіреміз деп үміттенеді.

Нұртай Сәбилянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Заңды қарау барысында талқылау барасында бұл мәселерді жетілдіруге тырысамыз. Ортадағы делдардардың барлығын аластату керек бұл жұмыстан. Өндірген компания сол компания халыққа тікелей беретіндей қылып, осы жүйені енгізу керек. Бізде делдалдар көп.

Тұтынушыға жететін қуат көзінің жолы мынадай. Алдымен өндіруші компания электр энергиясын өндіреді. Оны екінші компания тасымалдайды. Ал үшіншісі бізге жеткізіп, жарықпен жабдықтайды. "Сөйтіп өндірушіден 8 теңгемен шыққан қуат құны тұтынушыға жеткенше 20 теңгеге дейін шарықтайды", - дейді депутат Рауан Шаекин.

Рауан Шаекин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Электр қуатын өндіруші компания тек шекті тарифті белгілейді. Одан артыққа сата алмайды. Энергияны жеткізуші компаниялар да бағаны өсіре алмайды. Олар қоғамдық тыңдаулар өткізіп отырады. Ал қуат көзімен жабдықтаушы - компаниялар. Олардың 80 пайызына табиғи монополияларды реттеу заңы жүрмейді. Олар тарифті бекітпейді. Қоғамдық тыңдау өткізбейді. Тұтынушы тарифтік есебін түбіртек келгенде бірақ біледі.

Сөйтіп энергия тасымалында ашық лобби барын айтты депутат. Тіпті қуат көзімен айналысатын компаниялардың көлеңкелі табыстарын әшкерелеген табиғи монополияларды реттеу агенттігінің есебін де алып келіпті. 

Рауан Шаекин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі былай деп жазады. Электр энергиясын сатып алу барысында қуат көзімен жабдықтаушы ұйымдар негізсіз пайда тапқан. 2012 жылы «Астана энергосбыт»  344 млн тг, «Оңтүстік жарық» 403 млн тг. 2013 жылдың бірінші жартысында «Энергосбыт Астана» 1 млрд 43 млн тг. «Атырау энерго сату» 424 млн. Демек олар заңсыздыққа жол беріп отыр. 

Дегенмен, қауат көзімен жабдықтаушы ұйымдарға қарсы күреске депутаттардың қауқары жетпейді.

Тұрсынбек Өмірзақов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «ҚХКП» фракциясының мүшесі:

Осы энергия апаратын энергия тасымалдайтын организациялардың лоббилары өте мықты деп ойлаймын. Өйткені біз депутаттар сол мәселелерді шеше алмай жатырмыз.

Сөйтіп ол делдардарды нарықтан біржола аластатып, монополистік бизнеске тосқауыл қою керек десе де, халық қалаулылары электр энергетикасы жұмысын бақылауды реттейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап тастады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ