Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда өнер шеберлері мен танымал адамдар ерікті түрде қан тапсыру шарасына қатысты

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2014
  • 1640

Батырлыққа бастар жол - қан тапсырып донор бол!  Бүгін Алматыда кезекті рет өнер шеберлері мен танымал адамдар ерікті түрде қан тапсыру шарасына қатысты. «Бауыржан» қорының ат салысуымен дәстүрге айналған акция бүгін басталып, бір айға жалғасады. Ұйымдастырушылар осы арқылы  қан тапсыру мәселесіне қоғамның назарын аудармақ. 

Аталған бастама барысында бір мың литрден атсам қан жинау жоспары бар. Жиналған қан ликемия, яғни қан ауруына шалдыққан сәбилерге беріледі. Қайырымдылық шараға  тележүргізушілер, спортшылар, әнші-музыканттар келді. Олардың арасынан Илья Ильин, Мұрат Мұтырғанов, Ерлан Әлімов және Диана Снегиналардың әрқайсысы 450 граммнан қан тапсырды.

Ерлан Әлімов, әнші: 

Мен бұл өте маңызды шара деп есептеймін. Қаншама адам осы қанның тапшлығынан зардап шегіп жатады. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ