"Алматы әкімдігі қаланың экс-басшысы Виктор Храпуновтың үстінен сотқа шағым
түсірді", - деп Блумберг агенттігі хабарлады. "Мемлекет қазынасынан 300
млн доллар көлеміндегі қаражатты жымқырды деген айыппен Лос-Анжелестегі
федералдық сотқа шағымданған тараптың айтуынша, қолды болған қаржы АҚШ және
Швейцариядағы есепшоттарға аударылған", - деп жазды америкалық агенттік.
Мәселенің
анық-қанығын білмек болып Алматы қалалық әкімдігіне хабарластық. Әкімдіктің
баспасөз хатшысы бұл ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады. Ұрланған
ақшаға экс-әкім және оның отбасы мүшелері қымбат көліктер мен тұрғын үйлер
сатып алған. Дәл қазір істі Лос-Анжелестегі федералды сот тергеп жатыр. Айта
кетйік, ағымдағы жылдың ақпан айында қалалық мәслихат мүшелерінің шешімімен Виктор
Храпунов «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағынан айырылған болатын.
М. СЕРІКҚЫЗЫ