Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда қаза болғандар саны 245 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2014
  • 1046

Қайғылы жағдай орын алардан біраз бұрын Түркиядағы билік партиясы депутаттары Сомадағы шахталардың қауіпсіздігін тексеру туралы өтінішті кері қайтарған. Бұл туралы «Хюрриет» сайты хабарлайды.

Ал кеніштегі апаттан қаза болғандар саны 245 адамға жетті. Күні бұрын Анкара мен Стамбұл көшелеріне 100-деген адам шығып қарсылық танытты. Олар премьер-министр Реджеп Тайып Эрдоғанның қызметтен тайдыруды талап етуде. Полиция ереуілшілерге жасауратқыш газ қолданып, таратуға тырысты. Қайғылы жағдай орын алған шахта басына да полицейлер тартылды.

Менің ағам шахтада қалды. Оның хал-жағдайынан ақпаратымыз жоқ. Ол шахтаға әріптестерін құтқаруға түсті. Содан бері еш ақпарат жоқ.

Сома қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл білдірді. Жеделхатта президент шахтада қаза тапқан азаматтардың отбасыларын шыдамдылық пен сабырлыққа шақырды. Сондай-ақ, әртүрлі дене жарақатын алған шахтерлердің тез арада айығып кетуін тіледі.

Самат ҚАНАҒАТОВ