Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім жобасы дайындалды

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2014
  • 735

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасы дайын. Енді мемлекеттік тілге аударылады. Бұл туралы Қазақстан республикасының бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның Мәскеуде өткен кеңесінен соң мәлімдеді деп, Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шарт жобасы дайын. Келесі қадам - бұл мемлекеттер деңгейіндегі шараларды атқару. 29-мамырда Астанада өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мемлекттер басшыларының бекітуіне ұсыну үшін енді шартты мемлекеттік тілге аудару қажет», - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, ол Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері экономикасының өзара тиімді әрі тең жағдайда дамуына мүмкіндік береді деген пікірін білдірді.




}