Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде тағы үш футбол клубы жекешелендірілетіні белгілі болды

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2014
  • 931

Елімізде маусым айында басталатын жекешелендірудің екінші толқыны аясында тағы үш футбол командасы жеке кәсіпкерлердің қолына өтетін болды.

Бұдан бұрын алматылық «Қайраттың» сатылатыны жайында ақпарат тараған болатын. Енді бұл тізімге оралдық Ақжайық, Атырау және Ақтөбе футбол командалары қосылады. Аталмыш футбол клубтары 2016 жылға дейін жекенің қолына өтпек.

Жекешелендіру толқыны сонымен қатар, Ақтөбе қаласының орталық стадионын да қамтиды. Жалпы, Үкіметтің 2014-2016 жылдарға жасаған жекешелендіру жоспарына сай елімізде 32 мемлекеттік кәсіпорын, 191 квазимемлекеттік және 780 коммуналды меншіктің иелігі кәсіпкерлерге берілмек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ