Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы өз сайтында жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламаны жариялайды

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2014
  • 924

Бір айдан соң «Нұр Отан» партиясы өз сайтында жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламаны жариялайды. 2015-2025 жылдарға арналған жоба осы айдың соңына дейін толықтырылып, қалың бұқараның талқысына ұсынылмақ.

Бағдарламаға сай жыл сайын коррупцияға қарсы баяндамалар жасалынады. "Бағдарлама сірескен нормаларға толы құқықтық құжат емес, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған саяси құжатқа айналуы тиіс", - деді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс тобының отырысы барысында.

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында аса маңызды міндет - жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламаны қалыптастырып, оны іске асыру деп қадап айтты.  


Нұрлан Әбдіров, «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жемқорлықтың тарау жолдарын болдырмау, осыны іздеп, табу және осы жұмысты қоғам ішінде, жалпы мемлекет ішінде өзінің осы саяси лидерлігімен «Нұр Отан» партиясы әрі қарай белсенді жалғастырғысы келіп отыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА