Русский Сайттың толық нұсқасы

Бергей Рысқалиевтің күйеу баласы Рүстем Әлбақасов Швейцарияда қолға түсті

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2014
  • 1155

Бергей Рысқалиевтің күйеу баласы Рүстем Әлбақасов Швейцарияда қолға түсті. Бұл туралы "ҚазАқпарат" атыраулық басылымдарға сілтеме жасап, жасырын дерекші хабарына сүйене жазды. Әйтсе де, Қаржы полициясы департаменті бұл деректі растамайды, бірақ жоққа да шығармады.

Мәліметке қарағанда, Атырау облысы экс-әкімінің күйеу баласы полиция құрығына сәуірдің соңында ілінген. "KAZCASPIAN INDUSTRIAL SERVICE" серіктестігінің директоры Әлбақасов аты шулы қашқын қайын ағасының қылмыстық істеріне қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген. Ал 2012 жылдың қазан айында Рүстем Әлбақасовтың үстінен мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімін алуға бөлінген 343 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталған Бергей Рысқалиев Атырау облысында қылмыстық топты басқарған. Осы жылдың қаңтарында Атырауда экс-әкім Бергей Рысқалиевке қатысты әйгілі сот процесі басталды. Бас аяғы 22 экс-шенеунік пен кәсіпкер сотқа тартылған. Ал Бергей мен бауыры, Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиевтер әлі іздеуде.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА