Русский Сайттың толық нұсқасы

Британдық Барох Питердің ісімен енді прокуратура айналысады

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2014
  • 884

Қазақстандағы өрімдей қыздарды азғырды деп айыпталған британдық Барох Питердің ісімен енді прокуратура айналысады. Бірақ шетелдік өз кінәсін әлі мойындамапты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Еске салайық, 2013 жылдан бері бері Атырау және Батыс Қазақстан облысындағы мұнай компанияларында қызмет еткен британдық азамат оқушы қыздарды шешіндіріп, суретке түсірген. Жүргізілген сараптама бұл суреттердің эротикалық-порнографиялық сипатта екендігін анықтады. Күдіктінің бұл суреттерді белгісіз адамдарға таратқаны да мәлім болған. Полиция Барох Питердің бұл кәсіппен Атырау мен Орал қаласында айналысқанын айтты.

Шетел азаматы жалдаған қонақ үйдегі бөлмесінен оқушы қыздардың 600-ге жуық жалаңаш түскен суреті табылған. Күдікті «Патрик Браун» деген лақап атпен әлеуметтік желіде тіркеліп, оқушы қыздармен танысып отырған. Кейін Барох Питердің үстінен атыраулық 7 ата-ана да шағым түсірген еді.

Асылай Ғұбашева, БҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекші маманы:

Питер Барох өз кінәсін мойындаған жоқ, бірақ кәсіби тергеу әрекеттерінің нәтижесінде дәлелдемелік база бекітіліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бірдей бабы бойынша, кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тартқаны үшін және жас балаларды азғырғаны үшін айып тағылды.

Еркін ҚАРИН