Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздың мектеп ғимаратында газ шашқан 11 сынып оқушысы жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2014
  • 1319

Мектепке қызыл бұрышты газ шашқан оқушының қылығы - құрдастарына деген қалжыңы екен. Жамбылдық тәртіп сақшылары тергеу барысында оқушыдан осындай жауап алған.

Еске салайық, кеше Тараздағы №21 мектеп оқушысы газ баллонын мектеп дәлізіне шашып кеткен. Салдарынан - 31 адам ауруханаға жеткізілді. Арасында 29 оқушы мен мектептің екі қызметкері бар. Ал, 7 бірдей оқушы жан сақтау бөліміне жатқызылды. Қазір зардап шеккендердің жағдайы қалыпты, дейді дәрігерлер. Ал, оқыс қылық көрсеткен оқушыға әзірге ешқандай шара қолданылмаған. Тәртіп сақшылары тек тергеу жұмыстары жалғасып жатыр деген жауап қайырды.

Талғат
Сәулебаев, Тараз қалалық ІІБ бастығының орынбасары:

11 сынып оқушысының газ баллонын шашқан себебі - ол өзінің сыныптастарымен қалжыңдасқысы келген екен. Мұны ол балалықпен жасаған. Газ баллонын Қостанай қаласынан әкелгенмін дейді. Ол жағы тексерілуде. Дәл қазіргі уақытта 3 полиция бөлімі бұл іспен айналысып жатыр. Баланың аты-жөнін айта алмаймыз. Қандай жаза болатыны процес
суалды шешім шыққаннан кейін белгілі болады.

Ал, мектеп оқушысының қолына газ баллоны қайдан түскені белгісіз. Тек, тергеу барысында оқушы әртүрлі жауап қатқан. Полицейлер, баланың ақыл-есі мен денсаулығы дұрыс, дейді. Жайлы отбасында өмір сүреді. Баланың ата-анасынан да жауап алынып жатыр. Ал, айта кетерлігі, 31 адам зардап шеккеніне қарамастан, полицейлер мектеп оқушысы қолданған газ денсаулыққа ешқандай қауіпті емес, дейді.

Ерлан
Баймұрзаев, Тараз қалалық ІІБ Лицензиялау және қару айналымын бақылау бөлімшесінің бастығы:

Қызыл бұрышты баллонды ұстамау керек деген заң жоқ. Арнайы «Черемуха» деген газ баллонын ғана ұстауға болмайды. Ал, бұл бала қолданған баллон аңшылық дүкендерде сатыла береді. Сондықтан, бұндай газ баллондарының денсаулыққа ешқандай зияындығы жоқ.