Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздағы нөмірі 21 мектептің оқушылары газдан уланып қалды

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2014
  • 1714

Тараздағы нөмірі 21 мектептің оқушылары газдан уланып қалды. Жалпы саны 31 оқушы қаладағы ауруханаларға жеткізілген. Оның ішінде 8 оқушы жансақтау бөлімінде жатыр. Бүткіл мектепті аяғынан тік тұрғызған, 11 сынып оқушысы көрінеді. Ол - қарақшылық шабуылдан қорғану үшін қолданатын газ баллонын дәлізде шашып кеткен. Салдарынан сабақ үстінде отырған оқушылардың тамақ-тыныс жолдары ашып, естерінен тана бастаған. Дүйім мектепті дүрліктірген жағдай жайлы Данияр Әлімқұл толықтырады. 

Сабақ үстінде сұлап түскен оқушылар осы мектепте оқиды. Тәртіп сақшыларын табанынан тік тұрғызған оқиға - түскі сағат 12 шамасында болған. Мұғалімдер ес-түсінен айрылған оқушыларды дереу далаға шығарған. Ал мұрынды жарған улы газ иісі мектепке тегіс тарап кеткен. Салдарынан 29 оқушы мен екі қызметкер уланып, 10 бірдей жедел жәрдем көлігі келген. Қазір науқастардың жетеуі қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Бас ауырып, көп балалар талып жатты. Мен өз басым басым ауырды. Бетім ашып ауырды.

Коридорға шыққан балалар айқайлап бәрімізді шығарды. Бетім, ауыздарым қышып, басым ауырды ғой.


Бағила Бегманова, Жамбыл олыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Балалардың клиникасында улану клиникасы болды. Бірақ қандай газ екені белгісіз. Қазіргі жағдайда балардың жағдайы стабильно. Олар өздерінің емін алып жатыр.

Гүлбану Садықова, Тараз қалалық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

У всех детей клиника была где-то, особенно у тяжелых детей, выраженное беспокойство, головные боли, чувство страха. Сухость во рту. И возбуждение. Мы не можем пока определить, потому что не знаем, какой газ?

Ал тағы 8 оқушы облыстық балалар ауруханасына түскен. Қазір олардың тек төртеуі ғана ем қабылдауға қалған. Қашан шығатыны белгісіз. Балалары үшін алаңдаған ата-аналар болса, ұстаздарға ашулы.

Вот я в шоковом состояние. Не знаем, отчего это.

Директор болса, анау жүр әшейін оқиға деп. Қандай оқиға екен бұл? Сөйлемеу керек бұл жерде. Бәрін жауып-жауып қою керек болды.

Өліп қалса қайтеміз? Кімнен сұрау аламыз? Мына жақта қарайтын директор, мұғалім жоқ па?

21 мектеп әкімшілігі болған жайды бұра тартып, дүрлігетін дәнеңе жоқ деп отыр. Басшылығы «балалықпен болған іс» деп бағалайды.

Мақпал Кенжебаева, Тараз қалалық №21 мектеп директорының орынбасары:

В коридоре из этого баллончика брызнули. Мы быстро эвакуировали детей. Оказали первую медицинскую помощь. Сейчас все нормально. Учебный процесс продолжается. Волноваться не стоит. Все в порядке.

Қазір газды шашты деген 11 сынып оқушысының кім екені де анықталған. Полицейлер араласып, тергеу амалдарын бастап кетті. Ал мектепке тараған газдың мөлшері әзірге белгісіз.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ