Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайлық банк портфельдеріндегі «толымсыз» несиелер үлесі өсті

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2014
  • 875

Қытайлық банк портфельдеріндегі «толымсыз» несиелер үлесі үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 2011 жылдың ең жоғарғы деңгейінен де асты. Бұндай жағдай ірілігі бойынша әлемдегі екінші экономика өсімінің бәсеңдеуімен байланысты деп хабарлайды «Bloomberg» агенттігі.

Бүгінде қайтарымсыз несие пайызы 1-ден 1,04%-ға дейін ұлғайған. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіштер халықаралық стандарттар бойынша төмен саналды, алайда ақшалай эквивалентте алғанда ол сома 104 миллиард долларға көбейгенін көрсетіп отыр. Күн шығыс елінің жалпы ішкі өнімі қаңтар мен наурыз айында өткен жылдың төртінші тоқсанындағы 7,7% өсіміне қарсы 7,4%-ды құрады. Елдегі экономиканың бәсеңдеуі салдарынан компаниялардың кірісі азайып, қарыздарын өтеу мүмкіндіктері шектеліп қалған.

Жұрағат БАМАН