Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздың шам зауыты Кеден одағының берекесін көре бастады

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2014
  • 2058

Жамбылдық кәсіпкерлер Кедендік одақтан пайдасы көре бастағандарын айтады. Тараздағы жарық шамдарын шығаратын жалғыз кәсіпорын «Энерджи Тараз» енді, кедендік кеңістіктегі елдермен бәсекелес болуға ниетті.

10 жылдан аса тарихы бар кәсіпорын биылдан бастап өнім көлемін 2 есеге ұлғайтқан. Жылына 5 мың дана диодты шамдар шығарып келген кәсіпорын, бұдан былай өнім көлемін 15 мың данаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін жарық шамдарын жабдықтауға қажетті құрылғыларды Ресей Беларуссиядан тасымалдаған компания кедендік қатынас бұрынғы кедергілерді болдырмайды деп санайды. Әрі серіктестіктің Қазақстанды ғана қамтымай, шетел нарығына шығуына мүмкіндігі бар. Кәсіпорында жоғары сапалы жарық шамдарының 42 түрі шығады. Олар электр қуатын 5 есеге аз пайдаланып, кәдімгі шамдарға қарағанда 8 есеге ұзақ қызмет етеді. Қала көшелерін жарықтандыруға арналған қызылды-жасылды диодты шамдардың пайда мерзімі де ұзақ - 6 мың сағат.

Құрманәлі
Баратов, «Тараз Энерджи» ЖШС бас директоры:

Бұрында біз затты алып кеп, оның растаможкасын жасап, уақыт алатын. Қазіргі таңда тікелей келеді біздің компанияға. 1 айдың көлемінде НД-сін төлеп, керек процедурасын өткіземіз, жаратып жатқан ақшамызды үнемдеп тұрады.

Кедендік одақтың келешегі зор екенін кәсіпкерлерден бөлек, экономиканың майын ішкен мамандар да құптап отыр. Сарапшылар сөзіне сенсек, кедендік одақ болашағына деген күдік - бос уайым. Өйткені, кейбір ғалымдардың болжауынша, кедендік келіссөздер арқылы 2030 жылы 3 мемлекеттің жалпы ішкі өнімі 1 триллион доллардан асады.

Ерғали
Үркіншиев, ТарМУ университетінің профессоры:

Кедендік одақтың өмірге келуіне күмән келтіргендер көп болды. Себебі, олар көбі былай ойлады: Ресейдің тауар айналымындағы Қазақстан мен Беларусьтың үлес салмағы 8-9%-ды ғана құрайды. Ол деген ғана бөлігі. Сондықтан да Ресейге ол қызық емес. Жақында ғана егемендігін алған мемлекеттер өз тәуелсіздігін қайтадан Ресейге бере салады деп ойлады. Бірақ та, өмірдің өзі көрсетіп отыр, бұл Кедендік одақтың өміршең екендігін.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ