Атырау облысының әкс-әкімі Бергей
Рысқалиевтің күйеу баласы Рүстем Әлбақасов қолға түскені жайындағы ақпаратты
жоққа шығарды деп хабарлайды «Ақ Жайық» газеті.
Оның Швейцарияда қамалғаны туралы
басылып шыққан мақаладан кейін, достары редакцияға хабарласып, Әлбақасовтың
бостандықта жүргенін айтқан. Кейіннен Әлбақасовтың өзі бостандықта жүргендігі
туралы айтып, фотоайғақтарды жіберген.
Сондай-ақ, ол өзінің Женева қаласында
жүргендігі туралы ақпарды жоққа шығарып, бұл әрекет арқылы бәзбіреулер
Рысқалиевтер отбасы атына кір келтірмек болды, деп мәлімдеді.