Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде бір тәулік ішінде 6 адам суға кетті

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2014
  • 1089

Қазақстанда бір тәулікте 6 адам суға батып кетті, олардың төртеуі жасөспірімдер. Бұл жөнінде ТЖМ-нің ресми сайтында хабарланды.

Батыс Қазақстан облысындағы Мичурин ауылында 1987 жылы туған азамат суға кеткен. Ақмола облысы Қабанбай ауылында Нұра өзеніне 1969 жылы туған әйел адам батып кетті.

Ал Атыраудағы жағдай, тіпті жаға ұстатады. Мұндағы Орал өзеніне бір күнде 3 адам тұншығып өлген. Олар 14 жастағы ұл бала мен 15 жастағы қыздар. Мамандар соңғы күндері суға кету деректерінің тым жиілегенін, тыйым салынған жерлерде суға түсуге болмайтынын айтып дабыл қаға бастады.

Илхам ИБРАГИМ