Қазақстанның кей өңірлеріне қыстың
ызғары қайта келейін деп тұр. Синоптиктердің хабарлауынша, мамырдың 20-сы мен
22-сі аралығында еліміздің орталығы мен солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, соңы
қарға ұласады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай,
Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытады. Бұл аймақтарда түнде 2-7 градус жылы, кей жерлерде -3
градусқа төмендеп үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз 8-13 градус шамасында сақталады.
Бүгіннің өзінде Астанада күн бірден салқындап кетті. Термометр көрсеткіші
қалыпты 20-22 градустан +7 градусқа дейін түсті.
Илхам ИБРАГИМ