Ресей «Протон» зымыран-тасығышын
ұшыруды уақытша тоқтатты. Бұл туралы Ресейдің вице-премьер-министрі Дмитрий
Рогозин өзінің фейсбук әлеуметтік парақшасында жазды.
Мәлімдеме «Протон-М» зымыранын
өндіруші Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндіріс орталығында болған
басқосудан кейін жасалды.
Еске салайық, 16-мамырда «Байқоңыр» ғарыш
айлағынан ұшқан «Экспресс» спутнигін тасымалдаушы «Протон» зымыраны
атмосфераның қалың қабаттарында жанып кеткен болатын.
Алдын ала ақпарат бойынша старттан
кейінгі 545 секундта ракетаның басқару қозғалтқышының үшінші сатысы істен
шыққан.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ