Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Қытайға келді

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2014
  • 930

Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара байланыс негізі - экономикалық ынтымақтастық. Қытайға мемлекеттік сапармен барған Президент Нұрсұлтан Назарбаев Шанхайда өткен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында осыны мәлімдеді. Өткен жылы «Жібек Жолы экономикалық белдеуін» құру туралы бастама көтерілгені белгілі.

Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сауда, көлік, инвестиция салаларын қамтитын ауқымды жобаны жүзеге асыру жолдарын қарастыруға дайын екенін айтты. Президенттің мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды. «Самұрық-Қазына» қоры мен «CITIC» корпорациясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл құжат мұнай-газ және тау-кен секторында өзара іс-қимылды дамытуды қарастырады.

Сонымен қатар Қытайдың ЭКСИМ банкімен «Петро Казахстан ойл продактс» жобасын қаржыландыруға қатысты өзара түсіністік меморандумы жасалды. Қазақстан Даму банкі мен Қытай мемлекеттік даму банкі арасында жалпы сомасы 500 млн долларды құрайтын несие желісі туралы Бас келісімге де қол қойылды. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА