Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік қарт жауынгер елі үшін жасаған ерлігін дәлелдей алмай жүр

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2014
  • 1432

Қарт жауынгер елі үшін жасаған ерлігін дәлелдей алмай жүр. Шымкенттік Ұлан Отарбаевқа "Соғыс ардагері" деген мәртебеге қол жеткізу қамал алудан да қиын болды. Биыл жасы 88-ге толған қария "көзімнің тірісінде соғысқа қатысқанымды дәлелдеп кетсем" деп армандайды. Жеңіс туының желбірегініне 69 жыл өткеннен кейін айтылған сырды әріптесім Айзада Төребекқызы тыңдап қайтты.

Ия, секретныйда істегем, содан айтуға құқым жоқ.

Есімінің еленбей қалуын Ұлан Отарбаев өзі ұрысқан аумақтың Сталиннің жарлығымен құпия майдан санатына жатқызылуымен байланыстырады. 18 жасында өзі сұранып, соғысқа 1944 жылдың 13 қыркүйегінде аттанған ол жауға қарсы бекіністі күшейтетін кеңес әскері құрамында болған. «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және «Соғыс ардагері» медальдарын алған. Алайда соғысқа қатысқанын дәлелдеуге бұл төсбелгілер аздық етеді. Әзірге ақсақалға бұйырған мәртебе «тыл ардагері».

Мен укреплениеде служить еткем. Соны неғып санамайды. Мені шақырып, сен соғысқа бардың, қатыстың- ау, жүрдің-ау деп біреуі бір ауыз айтпайды. Елемейді де мені. Біздің жұмысымыз сондай болған, бірақ бізді елеу керек қой. Айту керек қой. Мақсатым менің кетіп бара жатқанда «отан соғысына қатысты» деп айтса болды. Одан артық керек жоқ. Маған үй бер деп айтпаймын.

Ұлан ақсақал елге 1947 жылы оралған. Талай жыл құпия болып, отыз тістен шығармай келген ақиқатты жариялауға жүрегі дауаламапты. Тек 1995 жылдан бастап қана балаларының талабымен іздене бастайды. Бірақ нәтиже жоқ. Қазір көзі де көруден қалған. Майдан даласында от кешкен әкелерінің «соғыс ардагері» ретінде мойындалмай отырғанына ұл-қыздары да ренжулі. Олар соңғы бес жылдан бері әрісі Мәскеу, берісі Алматы мен Астананың мұрағаттарын ақтартып шығыпты.

Мұрат Отарбаев, Ұлан Отарбаевтың ұлы:

Міне, Москвадан келген құжаттарда жазылған ғой «ветеран ВОВ» деп. 1 январьдан 1945 жыл 2 сентябрьге дейін от командира орудия, командир танка 1 ай 28 күн, соны саналсын деп. Міне 15-ші гвардейский танковый полк, опись бәрі қолында. 

Ресейдің орталық архивтерінен алынған анықтаманың бір көшірмесі облыстық қорғаныс істері департаментіндегілердің қолында да бар. Дегенмен әскерилер Отарбаевты ҰОС ардагері санатына жатқыза алмайтынын айтады.

Әжімұқан Шынтаев, ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:

148 жеке пулеметты артиллериялық батальон құрамында болған. Одан кейін 24- оқу танкі полкі, одан кейін 15-гвардейский танк өздігінен жүру полкінің құрамында болған. Бірақ олар действующий армия дейді орысша айтқанда, майдан шебіндегі ұрысқа қатысқан әскери бөлімдер болып есептелмейді.

Бірақ қарияның ұрпағы әке арманын орындау перзенттік парызымыз деп біледі. Сондықтан бұл мәселенің оң шешімін табу үшін білек сыбана кіріспек. Енді олар әскери сотқа арызданбақ.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ