Қазақстанның кей өңірлері қыстың
ызғарымен қайта қауышқалы тұр. Синоптиктердің хабарлауынша, мамырдың 20-ы мен
22-сі аралығында еліміздің орталығы мен солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, соңы
қарға ұласады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және
Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытады. Бұл аймақтарда түнде 2-7 градус жылы,
кей жерлерде минус 3 градусқа төмендеп үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз температура
плюс 8-13 градус шамасында сақталады. Бүгіннің өзінде Астанада күн бірден
салқындап кетті.
Алуа Саханова, "Қазгидромет"
РМК инженер-синоптигі:
Республикамыздың солтүстігінде,
орталығында, шығысында сондай-ақ, жауын-шашынды болады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, кей жерлерде 3 градус жылы болады, кей жерлерде 10-15 кей
жерлерде 7 градусқа дейін төмендейді.
Илхам ИБРАХИМ