Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда 19 жастағы сарбаз өз-өзін атып тастады

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2014
  • 1360

19 жастағы сарбаз өзін өзі атып тастады. Оқиға Қарағанды облысындағы Долинка кентінің ИУ 41 күзет мұнарасында орын алған. 65/05 әскери бөлімнің сарбазы түзеу мекемесінде қарауылда тұрған кезінде өзіне өзі қол салған. Сол жерде қайтыс болған жігіттің аты-жөні Мырзабай Сапарбай екені хабарлануда.

Ол Алматы облысының тумасы. Аталған факт бойынша қызметтік тергеу басталды. Әзірге оның неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз, жас сарбаз қолхат қалдырмаған.

Илхам ИБРАГИМ