Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайлықтар әлемдік автопромды жаулап алмақ

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2014
  • 1029

Қытайлықтар әлемдік көлік өнеркәсібінің тең жартысын жеті жылдан кейін толықтай игеріп алмақ. Бұндай болжамды америкалық IHS Automotive компаниясының мамандары жасап отыр.

Дағдарыстан кейін экономика қалпына келе бастаған сәттен, яғни, 2009 жылдан бастап әлемдік көлік өндірісі 25 миллион данаға ұлғайды. Осы ретте, сарапшылар алдағы жеті жылда Қытайда көлік шығару темпі ұлғаяды деп болжауда.

Ал Жапония мен Оңтүстік Кореяда көлік өнеркәсібі керісінше, әлсіреп, машиналар ішкі нарыққа тек сырттан әкелінетін болады. «Еуропада да көлік шығару ісі бәсеңдейді. Себебі, Ресей және Түркия елдерінің нарықтық сұранысы азаяды», - дейді мамандар.

Жалпы алғанда, батыс еуропалық көліктердің дені созылмалы дағдарыстан енді-енді арылып келе жатқан Италия мен Испаниядағы кәсіпорындардан шығарылады деп күтілуде.

Жұрағат БАМАН