Русский Сайттың толық нұсқасы

«Протон-М» апатының себебі 22 мамырда жарияланады

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2014
  • 1148

Ресейдің Ведомствоаралық комиссия «Протон-М» зымыран-тасығышы есептік ұшу кезіндегі қателіктен құлады деген ақпаратты жоққа шығарды. «Штаттан тыс жағдайға ұшу кезіндегі есептік қателік себеп болған жоқ», - деп комиссия төрағасы, «орталық машина құрастыру ғылыми-зерттеу институты» федералды кәсіпорын басшысының орынбасары Александр Данилюкқа сілтеме жазап, «Итар-ТАСС» агенттігі хабарлады.

Данилюктің айтуынша, Ведомствоаралық комиссияның қорытындысы 22 мамыр күні белгілі болады.

Еске салсақ, 16-мамырда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшқан «Экспресс» спутнигін тасымалдаушы «Протон-М» зымыран-тасығышы атмосфераның қалың қабаттарында жанып кеткен болатын.

Алдын ала мәлімет бойынша старттан кейінгі 545 секундта тасығыш ракетаның басқару қозғалтқышының үшінші бөлігі істен шықты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ