Дәл осы сәттерде Шанхайда Азиядағы
өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 4-ші саммиті өтуде. Шараға шетел мемлекеттерінің 11 басшысы қатысуда. Олардың
арасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар.
Қытай Халық Республикасына сапары
шеңберінде елбасы бірнеше кездесулер өткізіп, екі ел басшылары маңызды
құжаттарға қол қойғаны мәлім. Келіссөздер
нәтижесінде экономикалық ынтымақтастықты арттыру, бірлескен жобаларды іске
асыру жөнінде мәмілеге қол жеткізілді. Қытайдан Қазақстанға 10 миллиард
доллардан астам инвестиция тартылады. Қытайлықтар жүзеге асыратын ірі
жобалалардың бірі - Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының модернизациясы. ҚХР бұған
да қаржы салып, отын өндірудің сапасын жоғарылатпақ.
Илхам ИБРАГИМ