Қазақстан өз азаматтарын Таиландқа сапарлаудан
бас тартуға шақырды. Туризм индустриясы комитеті қазақстандықтарға Таиланд
астанасына бармаған жөн ескерту таратып жатыр. Ал Тай елінде жүрген
отандастарымызға абайлап жүруді, халық көп жиналған жерлерге бармауды, құқық
қорғау органдары қызметкерлерінің барлық талаптарын орындауды ұсынады. Таиландтың
курорттық аймақтарда демалуды жоспарлаған қазақстандықтарға елдің астанасына
соқпауға кеңес берді. Туризм комитеті қазіргі
уақытта негізгі туристік орталықтарда - Паттая, Пхукет, Самуй, Чанг және Хуахинде
жағдай қалыпты екенін атаған.
Айта өтейік, кеше Таиландта әскери
жағдай ензігілген. Ел армиясы өздігінен әскери
іс-қимылдарға дайындалуда. Бірақ ел басшылары бұған рұқсат берілген жоқ деп
аң-таң. Жасақтар қазір қала көшелерін күзетіп, жол тораптарын бақылауда. Тіпті, жергілікті телестанцияны да әскерилер басып алған.
Әскерилердің билікті дәл осылай өз ырқына бағындыру оқиғасы Таиландта 2006 жылы
да болған.
Илхам ИБРАГИМ