Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада экономикалық форум басталды

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2014
  • 754

Бүгін Елордада VII Астана экономикалық форумы жұмысын бастады. Аталған форум 2008 жылдан бері жаһандық көшбасшылар, сарапшылар мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің басын қосып келеді. Биыл шараға 10 мыңнан астам адам қатысуда. Оның ішінде 100-ден астам елдің қаржы экономикалық блогынан 130 министр келген.

Сондай-ақ, Малайзия үкіметінің басшысы, Ливия, Грузия, Польша мемлекеттері премьер-министрлерінің орынбасарлары ат басын тіреді. Форум аясында 70-тен астам іс-шара өтеді деп жоспарланған.