Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінің төбесінде қарағаш жайқалып тұр

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2014
  • 810

Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінің төбесінде қарағаш жайқалып тұр. Тұрғындар ағаштың осыдан 3-4 жыл бұрын пайда болғанын айтады. Қазір оның биіктігі адам бойынан асып кеткен. Қарағаш өскен сайын тамыры да тереңге тартатыны белгілі. Сондықтан тұрғындар ағаш тамыр жайғанда баспанамыз қирауы әбден мүмкін деп қауіптенеді. Бұл үй 1967 жылы салынған. Содан бері шатырға күрделі жөндеу жұмыстары жасалған жоқ дейді баспана тұрғындары. Мәселені айтып жергілікті мекемелерге хабарласқанымен, нәтиже болмаған.

Алла Киселева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Қарағаштың дәні түспейтін жер жоқ. Төбенің жарықшақтарының арасында топырақ бар. Соған түскендіктен өседі ғой. Жаңбыр суынан нәр алады. Қолға алмаса, тіпті орман болып кете ме деп қорқамыз.

Пәтер иелері кооперативі де бұл жәйттен хабардар. Олар ағашты қолмен алып тастау оңай емес дейді. Ал тиісті мамандарды жалдауға қаражат жоқ екенін айтып, шарасыздық танытып отыр.

Мансұр ЕСҚОЖИН