Жамбылдық көлік жүргізушісі Бейсенбек Әуезов, тәртіп
сақшылары құжаттарымды қолды қылды деп, арнамызға арыз айта келді. 16-сәуір күні
Байзақ ауданы, Талас ауылынан қалаға бағыт алып келе жатқан оны жол сақшылары
тоқтатқан. Себебін
сұрағанда, сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жүретін жолда 41-мен жүрдіңіз, депті. Артынша көліктеріне кіргізіп, барлық
құжаттарын алып қояды. Тіпті, жеке куәлігін де сұрап, кері
қайтармапты. Құжатымды бер деп жарты сағат жалынғанымнан түк шықпады, - дейді Бейсенбек Әуезов. Амалсыздан,
көлігіне қайта отырып, жанармай бекетіне май құюға тоқтағанда, тағы сол әмбебап
полицейлер жолын кескен.
Бейсенбек Әуезов, көлік жүргізуші:
Келді де «көке құжатыңызды көрсетіңізші деп айтты. Мен айттым: «Балалар сендерде ғой құжатым, нағылдеп
тұрсыңдар, мен жынды боп қалдым ба сонда». «Жоқ біз Сізді танымаймыз, біз Сізден ешқандай құжат алған жоқпыз. Сіз құжатыңызды көрсетіңіз. Жоқ болса,
штрафстоянкаға айдаңыз» деді.
Ал полиция болса, КамАЗ жүргізушісі тәртіп сақшысына
бағынбады деген уәж айтады. Дегенмен, Бейсенбек Әуезов полицейлердің
әрекеттерін айғақтайтын дәйектерді ұсынып отыр. Бейнебақылау камерасы түсірген
мына фотосуретте сақшылардың оны тоқтатып тұрғаны анық көрінеді.
Ал, жанар-жағармай бекетіндегі
бейнебақылауда жол полицейлерінің екінші рет КамАЗ көлігін тоқтатуға келгені
түсіп қалған. Жүргізуші әмбебеп полицейлердің әдепсіз әрекетін де дәлелдемек. «Көлік
иесінің жоқтығын пайдаланып, тәртіп сақшылары көлікке емін-еркін кіріп шықты»,
- дейді. Облыстық ішкі істер департаменті өз
қызметкерлерінің қылығы бойынша тексеріс жүргізуге кірісті.
Уалихан
Сексенбаев, Жамбыл облыстық ІІД Әмбебап полиция батальонының бастығы:
Тәртіп сақшысына бағынбағаны туралы хаттама толтырылған жоқ. Өйткені, инспекторлардың айтуы бойынша міне мына жерге деп
алдап өткен. Бүгінгі таңда қызметтік тексеріс әлі аяқталған жоқ. Бірақ,
қазірдің өзінде қарастыру барысында анықталған факті бойынша полиция
қызметкерлерінің кінәсі жоқ деп ойлаймын.
Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ