Русский Сайттың толық нұсқасы

Сербия халқы үш күн бойы аза тұтпақ

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2014
  • 1086

Сербия халқы үш күн аза тұтпақ. Ел билігі алапат тасқыннан кейін қаралы күн жарияланды. Соңғы деректер бойынша нөсер жауыннан кейінгі тасқын 27 адамның өмірін қиды. Опат болғандар саны арта түсуі ықтимал. Өйткені 10 елді мекен түгелдей суға кетті. 15 мың адам баспанасын тастап кетті.

Қазақстан Сербияға гуманитарлық көмек көрсететін болды. Жаймалы шатыр, ауыз су, киім-кешек және дәрі-дәрмек сынды алғашқы көмекке қажетті заттар апат аймағына жіберіледі, деп хабарланды Қазақстанның СІМ.

Еске салайық, Сербия өз елінде болған су тасқыны салдарын жоюға қазақстандықтардың ат салысуын сұраған.

Илхам ИБРАГИМ